Прокурор және студенттер

Прокурор және студенттер

 

Батыс Қазақстан облысының прокуроры Жандос Өмірәлиев өскелең ұрпақты құқықтық тәрбиелеу аясында Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттерімен дәріс өткізді.

Аталған іс-шараға 700-ден астам студент қатысты.

Дәрістің мақсаты – адамгершілік тәрбиені арттыру, әр оқушының жоғары моральдық қасиеттерін, тәртіптілігін, дербестігін және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру.

Жандос Өмірәлиев жастар ортасы өзінің әлеуметтік сипаттамалары мен қоршаған ортаны қабылдау өткірлігіне байланысты құқыққа қарсы іс-әрекеттерге неғұрлым тез тартылатын қоғамның бір бөлігі болып табылатынын атап өтті.

Сондықтан жастармен қарым-қатынас жалпы қоғам үшін жағымсыз ағымдардың әсерін азайтуға және олардың арасында білім беру қызметін жүргізуге мүмкіндік береді.

Өз сөзінде жастарды құқық бұзушылықтардың, әсіресе нашақорлықтың алдын алуға, сондай-ақ заңсыз митингілер мен наразылықтарға қатысудан бас тартуға бағыттады.

Атап айтқанда, есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл құқық қорғау қызметінің басым бағыты болып табылатыны атап өтілді.

Бір жарым жыл ішінде облыс соттары есірткі құралдарының заңсыз айналымы, оның ішінде оларды салып, кейіннен әлеуметтік желілер арқылы өткізгені үшін 110-нан астам адамды соттады.

Мысалы, азамат «К» 2019 жылдың наурызынан бастап 2020 жылдың қаңтарына дейін «Telegram» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, интернет-дүкен арқылы есірткі және психотроптық заттарды («кристалдар, тұз» деп аталатын) заңсыз сатумен айналысқан. Төлем КИВИ-әмиян, биткоиндер, сатушы мен сатып алушы арасындағы тікелей, визуалды байланысты болдырмайтын аударымдар арқылы жүргізілді.

Жасалған қылмысқа азамат «К» өзінің сыныптастарын азамат «Д» және «Т»-ны тартып, оларға әрбір бетбелгі үшін 1000 теңгеге дейін төледі.

Сотқа дейінгі тергеу органдары олардың қатысы бар екендігі туралы жеткілікті дәлелдер жинады, тұрғылықты жері бойынша табылған тыйым салынған заттардан бөлек, бетбелгілердің орны, сондай-ақ сатып алушылар анықталды.  

Осы жылы БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 2001 ж.т. осы үш жас адам есірткі сатқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, сондай-ақ бір жас қыз не болып жатқанын біле тұра, қылмыс туралы хабарламағаны үшін сотталды.

Хабарламаның жойылуына қарамастан, кез-келген әлеуметтік желілерде олардың іздері бар екенін және құқық қорғау органдарында оларды қалпына келтіру үшін тиісті мүмкіндіктер  бар екенін барлығының есіне салу артық болмайды.

ҚК-тің 297-бабы бойынша есірткі заттарын өткізгені үшін жауапкершілік саралау белгілеріне байланысты 6 жылдан басталып, 20 жылға дейін болатынын  түсіндіремін.

Аталған істер бойынша сот практикасы қалыптасты, соңғы бес жыл ішінде ҚК-тің 297-бабының барлық бөліктері бойынша (өткізу не өткізу мақсатында сақтау) және 296-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде сақтау) бойынша бас бостандығынан айыру ғана тағайындалды.

Дәріс соңында студенттер өздерін қызықтырған тақырыптарға, соның ішінде прокурор мамандығы, прокуратура органдарындағы жұмыстың ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды.