Прокуратура - кәсіпкерлерді қорғау жұмысында Кәсіпкерлер палатасының стратегиялық одақтасы

Прокуратура - кәсіпкерлерді қорғау жұмысында  Кәсіпкерлер палатасының стратегиялық одақтасы

БҚО кәсіпкерлер палатасының басшысы Нұржан Мақсотов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай облыс және аудан прокуратураларының бірқатар қызметкерлеріне алғыс хаттарын табыс етіп, олардың облыс кәсіпкерлігін дамытуға қосқан елеулі үлестері атап өтілді.

Реттелетін нарықтар, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және басқа да салаларда прокуратураның актілерімен 8 мыңнан астам кәсіпкерлердің құқықтары қорғалды.

Жер саласында коммерциялық жер учаскелерін жалдау мерзімін ұзартудан немесе олардың нысаналы мақсатын өзгертуден бас тарту туралы негізсіз қаулылар бұзылды.

Коммуналдық жылжымайтын мүлікті жалға алатын 50-ден астам кәсіпкерді жалдау ақысынан босату арқылы бизнеске қаржылық жүктемелерді азайту шаралары қабылданды.

30 кәсіпкердің өтініші бойынша сот актілеріне наразылықтар білдіріліп, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттеріне ұсыныстар енгізіліп, 612 млн теңгеге кәсіпкерлердің мүліктік құқықтары қорғалды (күші жойылған айыппұлдар, өсімпұлдар, алып тасталынған тыйым салулар, қайтарылған сомалар).

Карантин кезеңінде кәсіпкерлер үшін қызметтердің жекелеген түрлерін шектейтін негізсіз тыйымдар прокуратураның қабылданған шаралары негізінде жойылды, кейбір мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттері тоқтатылды.

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына жолдауында кәсіпкерлердің құқығын қорғау жұмысына ерекше назар аударып, азаматтар мен бизнестің проблемаларын шешу жолында тиімді шаралар қабылдауды тапсырды.

Осы талапты орындау аясында БҚО Кәсіпкерлер палатасы облыс прокуратурасымен бірлесіп бірқатар іс-шаралар атқарылып жатыр.

Орал қаласы және өңірдің әрбір ауданында кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі мобильдік топтар қызмет етіп, оң нәтижелер байқалуда.

Сонымен қатар, облыс деңгейінде «Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі сараптамалық кеңес» құрылып, оның құрамында мемлекет органдары мен бизнес өкілдері белсенді жұмыстар атқаруда.

Осы кеңесте келіп түскен проблемалық мәселелер бойынша құқықтық қорытындылар дайындап, кеңестің талқылауына кәсіпкерлер құқықтарының өрескел бұзушылықтарын шығарады.

Прокуратура органдары кәсіпкерлерді қорғау жұмысында Кәсіпкерлер палатасының стратегиялық одақтасы болып табылады.

Сондықтан болашақта облыс кәсіпкерлігін дамыту жолында осы екі мекеме бірлесіп елеулі нәтижелерге қол жеткізеді деген сенімдеміз.