Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

Ардагерге құрмет – ұрпаққа міндет

Бүгін, 12 қарашада Қаратөбе ауданында прокуратура ғимаратына Ұлы Отан соғысының ардагері, ұзақ жылдар осы аудан прокуроры қызметін атқарған Сартай Қарақұловқа мемориалдық тақта орнатылды.

         Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай өткізілген шараға облыс прокуроры Жандос Өмірәлиев арнайы қатысып, тақтаны ашты.

Тағылымды шарамен барша тұрғындарды құттықтаған облыс прокуроры бұл шара ел тәуелсіздігінің және прокуратура органдарының 30 жылдығымен тұспа-тұс келуі кездейсоқ еместігін, себебі, Отан үшін от кешкен ардагеріміз еркіндік пен тәуелсіздіктің бағасын терең түсінген тұлға екенін баса айтты.