Прокуратураның қадағалау актісі бойынша субсидия төленді

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша субсидия төленді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған (2019 жылғы 2 қыркүйек және 2020 жылғы 1 қыркүйек) Жолдауларында агробизнесті дамытуды, қолдау көрсетуді, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғауды тапсырды.

Үкімет тарапынан бизнесті қолдауға арналған бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда.

Агробизнесті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын тексеру барысында кәсіпкерлерге тиесілі субсидияны төлемеу фактілері анықталды.

Тексеру барысында өтінім қанағаттандырылған сәттен бастап 4 жұмыс күні ішінде субсидия төлеу қажеттігіне қарамастан, шаруа қожалықтарының субсидия сұрау туралы өтінімдері уақтылы төленбегені анықталды.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде 30 шаруа қожалығына төленбей келген 31 млн. теңге субсидия төленді.