Қылмыстық процестің үш буынды моделі жағдайындағы полиция, прокуратура және соттың алғашқы қорытындылары

Қылмыстық процестің үш буынды моделі жағдайындағы полиция, прокуратура және соттың алғашқы қорытындылары

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен Полиция департаментінде Үйлестіру кеңесінің отырысы өтіп, қылмыстық процестің үш буынды моделі жағдайындағы азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау, соның ішінде адам өлтіру бойынша түйінді шешімдер қабылдау жөнінде пилоттық жобаны жүзеге асыру бойынша жұмыс нәтижесі талқыланды.

Отырысқа құқық қорғау және сот органдарының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Басқармасының басшылары, сондай-ақ полиция органдарының барлық тергеу құрамы қатысты.

Қатысушылар қылмыстық процестің үш буынды моделі жұмысының алғашқы нәтижелерін талқылады.

Үйлестіру кеңесінің төрағасы Ж.Ж.Өмірәлиев қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың құқықтарын қорғау саласындағы оң нәтижелерді атап өтті.

Атап айтқанда, күдіктілердің іс-әрекеттерін негізсіз саралау,  заңсыз күдікті деп тану, қылмыстық істерді тоқтату және үзу фактілерінің азаюына қол жеткізілді. Азаматтардың қылмыстық қудалау шеңберіне тартылуы барынша азайтылды.

Қылмыстық істерді тоқтатудың күшін жою 50%-ке,  прокурормен қосымша тергеуге жолдаудың 26%-ке  азаюына қол жеткізілді.

Тұтастай алғанда, сот ісін жүргізудің енгізілген моделі қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуына жол бермеуге мүмкіндік берді және процестік шешімдердің қабылдануын тездетті.

Отырыс нәтижесі бойынша процеске қатысушылардың құқықтарын қорғау мақсатында облыстың құқық қорғау органдарының барлық басшыларына қылмыстық іс-жүргізу заңнамасының талаптарын мүлтіксіз орындауға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.