Брифингте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Брифингте кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселесі талқыланды

Облыс прокуратурасының бастамасымен брифинг өткізіліп, бизнес субъектілерін қорғау бойынша облыстың прокуратура органдары атқарып жатырған жұмыстар талқыланды.

Брифингке облыстың Кәсіпкерлер палатасының, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті Басқармасының және бұқаралық аппарат құралдарының өкілдері қатысты.

Брифингке қатысушылар прокуратура органдары мен Кәсіпкерлер палатасының өзара бірлеске жұмысының нәтижелерін талқылады, сондай-ақ өңір кәсіпкерлерінің мүддесін қозғайтын неғұрлым өзекті мәселелер туралы БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берілді.

Брифинг қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы уақыттағы аталған бағыттағы тығыз қарым-қатынас туралы, сондай-ақ қадағалау қызметінің нәтижесін кеңірек жариялау үшін БАҚ қатысуымен  тұрақты кездесулер өткізу туралы келісті.