Заңсыз мүйіз сақтап бас бостандығынан айырылды

Заңсыз мүйіз сақтап бас бостандығынан айырылды

Бөкей ордасы ауданының прокуратурасымен уәкілетті органдармен бірлесіп, киікті қорғау және табиғатқа келтірілген шығынды қайтару мақсатында кешенді шаралар жүргізіліп келеді. 

Осы жылы заңсыз киік мүйіздерімен айналысқан 10 тұлға ұсталып, барлық тұлғаларға қатысты сот үкімдері шықты.

Мысалы, үстіміздегі жылдың 28 шілдесінде 805 дана киік мүйіздерімен ұсталған Орда ауылының үш тұрғыны айыпты деп таныған Бөкей ордасы аудандық сотының үкімі шықты.

Олар Қылмыстық кодекстің 339-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен (заңсыз қолға түсірілген киіктің дериваттарын, оның ішінде мүйіздерін имедену, сақтау, тасымалдау, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен, аса ірі залал келтіре отырып жасалған) кінәлі деп танылып, оларға 7 жыл бас бостандығынан айыру жазалары тағайындалды.

Сонымен бірге, сотпен өңірдің орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының материалдық залал ретінде қойып отырған 1,7 миллиард теңгеден астам соммаға азаматтық талабы қанағаттандырылып, сотталушылардан мемлекет пайдасына өндірілуге жатқызылды. 

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.