Прокуратураның Call-орталығы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда

Прокуратураның Call-орталығы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауда

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға шектеу іс-шараларын бақылау жөніндегі мониторингтік топтардың заңсыз әрекеттерінен кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау үшін Call-орталықтарды құруды тапсырды.

Қазіргі уақытта Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының Call-орталығы өз жұмысын тәулік бойы жүргізеді және карантин кезінде кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік кедергілерді азайту үшін шаралар қабылдайды.

Мысалы, Шыңғырлау ауданының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерімен кәсіпкер Г.Х.Измайловаға эпидемиологиялық жағдайға байланысты енгізілген шектеу шараларын дұрыс түсіндірілмей, салдарынан прокуратураның Call-орталығына тиісті хабарлама келіп түсті.

Облыс прокуратурасымен облыстың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті енгізілген шектеу шаралары бойынша облыс кәсіпкерлерімен тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуге бағытталған.

Өз кезегінде, кәсіпкер Call-орталығының жұмысын бағалап, облыс прокурорының атына оң пікір білдірген хатты жолдады.