Шаруалардың құқығы қорғалды

Шаруалардың құқығы қорғалды

Қаратөбе ауданының прокуратурасы аудан территориясындағы мал шаруашылығымен айналысатын 32 кәсіпкердің мүдделерін қорғады.

Мәселеге нақты тоқталсақ, «Жайна» ШҚ-ның басшысы «Қалдығайты» су арнасының жағасына су жүруге арналған темір тұрбаны өз бетінше орнату арқылы ауыл шаруашылық мақсатта су пайдаланғанын түсіндірген.

Аталған шаруаның заңсыз арнайы су пайдалану салдарынан «Қалдығайты» арнасы маңында орналасқан 32 кәсіпкерлік субъектісінің құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келген.

Қазіргі уақытта кінәлі тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз орнатылған су ағысы құралы алынып тасталып, арнаның табиғи ағысы қалпына келтірілді.