«Кәмелетке толмағандардың мүддесінде алименттер өндірілді»

«Кәмелетке толмағандардың мүддесінде алименттер өндірілді»

БҚО Теректі ауданының прокуратурасы 2020 жылдың өткен кезеңінде алимент өндіру бойынша тиімді жұмыс жүргізді.

Мәселен, ағымдағы жылдың басында 153 проблемалық борышкер кәмелетке толмаған балалар алдында қарыз болған.

Жеке сот орындаушыларының (бұдан әрі мәтін бойынша ЖСО) және уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру нәтижесінде жылдың соңына қарай проблемалық борышкерлердің санын 55-ке дейін, яғни 64.1%-ға дейін азайтуға қол жеткізілді.

Мұндай оң динамикаға аудан прокуратурасының ЖСО, жұмыспен қамту Орталығымен бірлескен жұмысы ықпал етті. Атап айтқанда, әрбір борышкермен сот шешімінің орындалмауының салдары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, олардың белгілі бір саны жұмыспен қамту Орталығы арқылы жұмысқа орналастырылды, бейресми жұмыс істейтіндерге жұмыс берушілер жалақыдан берешекті ұстап қалу үшін зейнетақы аударымдарын аударды.

Қазан айында жол полициясы инспекторларымен бірлескен рейд жүргізілді, нәтижесінде борышкерлердің үш автокөлік құралы ұсталып, айыппұл тұрағына шығарылды.

Бұдан басқа, аудан прокуратурасы қызметкерінің борышкерлердің тұрғылықты жері бойынша ЖСО-мен шығуы жүзеге асырылды, оның барысында бағалы заттар (тұрмыстық техника), ақша қаражаты алынып, кейіннен «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 55-бабының талаптарына сәйкес өндіріп алушыға берілді.

Ағымдағы жылы екі қасақана борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып, облыстың кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ҚР ҚК 139-бабы бойынша олар кінәлі деп танылып, қоғамдық жұмыстар түрінде жазаға тартылды.

4 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Аталған басым бағыттағы жұмыс жалғасуда.