Пайдаланылмаған жерлер мемлекет меншігіне қайтарылды

Пайдаланылмаған жерлер  мемлекет меншігіне қайтарылды

Батыс Қазақстан облысының Сырым ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізілген талдау барысында жер пайдаланушылардың ұзақ уақыт бойы жер учаскелерін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағанын анықтады.

Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде жалпы алаңы 6 200 гектардан астам, кадастрлық құны 75 млн теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Қазіргі уақытта аталған жер учаскелері заңды экономикалық айналымға енгізілуде.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдарға Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес қайтарылған жер учаскелерін ауылдық жерде тұратын адал ниетті субъектілерге беру жөнінде тиісті бағдар берілді.