БҚО Қаратөбе ауданының прокуратурасы медициналық сақтандыру туралы заңнаманың сақталуын талдау барысында жұмыс берушілердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға 2 млн теңгеден астам аударымды уақтылы төлемегенін анықтады. Бұл 123 жұмыскердің кепілдендірілген медициналық көмек алумен байланысты конституциялық құқықтарын іске асыруын шектеген.
Аталған бұзушылықтар «Қаратөбе» спорт клубы» МКҚК және «Ғарифолла Құрманғалиев атындағы Қаратөбе аудандық демалыс орталығы» МКҚК-ның 2024–2026 жылдардағы қызметінде анықталды.
Прокуратураның ұсынуы бойынша берешек толық өтеліп, аталған кәсіпорындардың директорлары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 92-1-бабына сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Прокуратура жарналар мен аударымдарды уақтылы төлеу азаматтардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі екенін еске салады.