Батыс Қазақстан облысында 132 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

Батыс Қазақстан облысында 132 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын іске асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстарын жалғастыруда.

Жыл басынан бері «Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ жүргізген ғарыштық мониторингтің және уәкілетті мемлекеттік органдармен бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде облыс аумағында анықталған рұқсатсыз қоқыс үйінділерінің 132-сі жойылды.

Заңсыз қоқыс үйіндісін жою бойынша тиісті шаралар қабылдамағаны үшін прокурорлық қадағалау актісі негізінде Орал қаласының Круглоозерное кентінің әкімі әкімшілік жауаптылыққа тартылып, (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 344-бабының 3-бөлігімен) оған 432 мың теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынып өндірілді.

Қалған рұқсатсыз қоқыс үйінділерін жою жұмыстары жалғасуда және табиғат қорғау прокуратурасының тұрақты бақылауында.

Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасымен халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.