Батыс Қазақстан облысы Каратөбе ауданының прокуратурасы бюджет қаражатының 61 млн теңгеден астам сомасының негізсіз жұмсалуының алдын алды.
Ағымдағы жылдың шілде айында аудан әкімдігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 24 қыркүйектегі №792 қаулысымен енгізілген мораторийге қарамастан мемлекеттік сатып алулар веб-порталына 8 бірлік қызметтік автокөлікті жалпы сомасы 61,4 млн теңгеге сатып алуға хабарландырулар орналастырған.
Прокурордың наразылығы бойынша мемлекеттік сатып алулардың күші жойылып, бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуының жолы кесілді.
Мемлекеттік мүдделерді қорғау прокуратура органдары қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.