Батыс Қазақстан облысының прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен кең таралған пайдалы қазбаларды өндіру кезінде заңдылықтың сақталуы мәселелері бойынша алқа отырысы өтті.
Отырыста жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне жүргізілген талдау нәтижелері қаралды.
Кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру, тиісті экологиялық рұқсаттарсыз қызметті жүзеге асыру, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылардың экологиялық және келісімшарттық міндеттемелерді бұзу фактілері анықталды.
Ғарыштық мониторинг деректері бойынша пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру белгілері бар 195 учаске анықталды.
Қадағалау қызметі шеңберінде облыс прокуратурасымен 4 заңсыз процестік шешімнің күші жойылып, қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру фактісі анықталды.
Сонымен қатар, 26 жер қойнауын пайдаланушыда пайдалы қазбаларды өндіру және өткізу көлемдері арасында сәйкессіздіктер анықталды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексерудегі кемшіліктерге, мемлекетке келтірілген залалды өтеу және жер қойнауын пайдалану нәтижесінде бүлінген жерлерді рекультивациялау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Алқа қорытындысы бойынша уәкілетті және құқық қорғау органдарына анықталған заң бұзушылықтарды жою және жер қойнауын пайдалану саласындағы жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Тапсырмалардың орындалуы облыс прокуратурасының бақылауына алынды.