Прокуратура органдарының өтініштерді қарау тәжірибесі туралы

Прокуратура органдарының өтініштерді қарау тәжірибесі туралы

Жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысының прокуратура органдары 5,3 мыңнан астам өтінішті қарап, 400-ден астам өтініш берушінің құқықтары қорғалды.

Жеке қабылдауда 1,6 мыңға жуық азамат қабылданып, 1,1 мың азаматты прокуратура органдарының басшылығы қабылдады.

 Мысалы, облыс прокуроры Ж.Ж. Өмірәлиев 10 жәбірленуші зардап шеккен алаяқтық фактісі бойынша істі заңсыз тоқтату мәселесімен адвокат Е. Нұғымановты қабылдады.

Қадағалау шеңберінде іс сотқа (кінәлі адамдар сотталған сотқа) жіберілді.

Тасқала ауданының прокуратурасы жеке кәсіпкер Т. Біржановтың құқығын қорғады («Тасқала ауданының ветеринариялық зертханасы» МКК ветеринарлық дәрігері зертханалық зерттеулердің нәтижесі үшін алаяқтық жолмен ақша талап еткен).

Алаяқтық жасағаны үшін кінәлі сотталды.

 Теректі ауданы прокурорының қадағалау актісі бойынша өтініш беруші З. Жанабаеваға ауыл шаруашылығы қызметін жүргізу үшін Ақсоғым ауылдық округінде жалпы ауданы 1580 га жер учаскесі берілді.

Халықпен қабылдауды ұйымдастыру бойынша осындай жұмыс облыстың басқа өңірлерінде жүргізілді.