Орал қаласының прокуратурасы 25 азаматтың тұрғын-үй мәселесін шешті

Орал қаласының прокуратурасы 25 азаматтың  тұрғын-үй мәселесін шешті

Тұрғын үй қорын реновациялау жобасы аясында міндеттемелерін тиісінше орындамаған құрылыс компаниясының кінәсінен үйлері бұзылған бір топ азамат 2021 жылдан бері баспанасыз жүрген.

Азаматтардың уәждері мен құжаттарды зерделеген қала прокуратурасы әкімдікке ұсыну енгізіп, оның нәтижесінде 25 азамат тұрғын үй қорынан баспанамен және қажетті әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз етілді.

Азаматтарды жеке тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі прокуратураның күнделікті бақылауында.