Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы өкілетті органдармен және еріктілермен бірлесіп заңсыз қоқыс алаңдарын анықтау мақсатында рейдттік шаралар өткізді. Шара «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» АҚ-ның мәліметінше облыс орталығында 82 заңсыз қоқыс орны анықталған.
Прокуратураның нұсқау нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар барлық заңсыз полигондарды жойды.
Рейд аясында тұрғындарға анықталған стихиялық қоқыс орындарын жою бойынша атқарылған жұмыстары көрсетіліп, тазалық сақтау, экологиялық мәдениет пен жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Прокуратура халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында түсіндіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын тұрақты ұйымдастыруда.