Мемлекет басшысының бастамасымен 2026 жыл цифрландыру жылы болып жарияланды. Осыған байланысты Орал қаласында «AI Hub» жасанды интеллект орталығының ашылуы өтті.
Аталған орталықтың құрылуына Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы бастамашы болып, жоба цифрландыру саласындағы бұрын жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында «IT Group Kazakhstan» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырылуда.
«AI Hub» алаңында прокурорлар жасанды интеллект технологияларын қолдану дағдыларын меңгеретін болады.
Бүгінде прокурорлар қадағалау қызметінде жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалануда.
«AI Hub» – жасанды интеллект, машиналық оқыту және деректерді талдау салаларында тәжірибелік білім алуға бағытталған заманауи кеңістік.
Жобаның басты ерекшеліктерінің бірі – оқыту форматы. Қатысушыларға білім онлайн-платформалар мен теориялық курстар арқылы емес, тәжірибелі IT-мамандар, әзірлеушілер және саланың практик-сарапшылары тарапынан беріледі.
AI Hub – идеялар технологияға айналатын кеңістік.