Табысын жасырған борышкерлер анықталды

Табысын жасырған борышкерлер анықталды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы алимент бойынша берешегі бар тұлғалармен жүйелі түрде күрес жүргізуде.

Тексеру барысында алимент төлеуден жалтарып жүрген 6 борышкердің букмекерлік платформаларда бәс тіккені анықталды.

Мәселен, алимент бойынша 2,6 млн теңге берешегі бар борышкер 2 жыл ішінде шамамен 5 млн теңгеге бәс тігіп, 3 млн теңге көлемінде ұтыс алған.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабы (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) негізінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қабылданған жүйелі шаралардың нәтижесінде биыл 21 адам қылмыстық, 116 адам әкімшілік жауаптылыққа тартылды.