Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2026 жылғы 5 мамырдағы үкімімен борышкер Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы (алимент төлеуден жалтару) бойынша кінәлі деп танылып, 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сотта сотталғанның бір жылдан астам уақыт бойы кәмелетке толмаған баласын асырау жөніндегі сот шешімін орындаудан жалтарғаны анықталды. Нәтижесінде алимент бойынша 4 млн теңге көлемінде берешек қалыптасқан.
Бұған дейін борышкер осыған ұқсас құқық бұзушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылып, алайда рақымшылық актісін қолдануға байланысты жазадан босатылған. Соған қарамастан, тиісті қорытынды жасамай, ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтаруын жалғастырған.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Ағымдағы жылдың 4 айында Батыс Қазақстан облысында алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты ҚК-нің 139-бабы бойынша 21 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Оның ішінде: 7 іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылған; 5 іс бойынша айыптау үкімдері шығарылған; қалған қылмыстық істер өндірісте.
Осыған байланысты прокуратура сот шешімін орындамау үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін еске салады