Батыс Қазақстан облысының прокуратурасында 21 мамырда облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлының төрағалығымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын-алу мәселелеріне арналған Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес жұмысына облыс әкімі, құқық қорғау және арнайы органдардың басшылары, мәслихат депутаттары, сондай-ақ қоғам өкілдері қатысты.
Отырыс барысында прокуратураның бастамасымен жүзеге асып жатқан «Қауіпсіз Өңір» жобасының орындалу барысы да талқыланды.
Жобаның мақсаты – елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Бүгінде жоба аясында облыс орталығында 52 көше мен 29 аула жарықтандырылып, жасанды интеллекті бар 300 камера іске қосылды. Көшелерді аббаттандыру бойынша бірқатар шаралардың демеушілер есебінен ұйымдастырылғанын атап өткен жөн.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде биыл қылмыс деңгейі 18% төмендеді.
Прокуратураның тапсырмасы бойынша жергілікті атқарушы органдар полициямен бірлесіп әрбір елді мекеннің «Криминогендік паспортын» әзірлеуге кірісті.
Мәслихаттар 3 жылға арналған «қылмысты төмендету индикаторларын» бекітті.
Жалпы қылмыстың алдын-алу мәселелеріне мемлекеттік органдар, қоғамдық ұйымдар мен бизнес субъектілері жұмылдырылады.
Қабылданып жатқан шаралар өңірдегі қауіпсіздікті арттырады.
Отырыс қорытындысы бойынша құқық қорғау және уәкілетті органдарға нақты тапсырмалар беріліп, қосымша міндеттер айқындалды.