Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру

Сотталғандарды қайта әлеуметтендіру

Батыс Қазақстан облысы аумағында прокуратура бастамашылығымен «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Рецидивті тоқтату» жобасы іске асырылуда.

Жобаның мақсаты — пробация қызметі мен полиция есебінде тұрған адамдар арасында қайталама құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ олардың әлеуметтік бейімделуіне және қоғамда толыққанды өмірге қайта оралуына ықпал ету.

Мемлекеттік органдар қызметін үйлестіру арқылы есепте тұрған адамдардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларына тексерулер жүргізілді.

Бюджет қаражаты есебінен 163 адамға біржолғы ақшалай өтемақы төленіп, 60 адам жұмыспен қамтылды.

«Қолдаумен жаңа өмірге» акциясы өткізіліп, оның аясында оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.

Сондай-ақ шаш қию, пішу және тігу, массаж жасау бойынша оқыту іс-шаралары ұйымдастырылып, олардың отбасы мүшелерінің барлығына тегін шаштараз қызметтері көрсетілді.

Жүйелі профилактика — бұл тек бақылау ғана емес, сонымен қатар заң алдында қателік жіберген адамдарға жаңа өмірге жол ашатын, оларды заңға бағынатын өмір салтына бағыттайтын қолдау.