Прокурорлық қадағалау актісімен студенттердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты құқықтары қалпына келтірілді

Прокурорлық қадағалау актісімен студенттердің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қатысты құқықтары қалпына келтірілді

Орал қаласының прокуратурасы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру саласындағы заңнаманың сақталуына талдау жүргізді.

Талдау нәтижелері бойынша бірқатар білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер туралы мәліметтер Ұлттық білім беру деректер базасына уақтылы және толық көлемде енгізілмегені анықталды. Соның салдарынан оларға қатысты жарналар мемлекет есебінен төленетініне қарамастан 803 студент міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енгізілмеген.

Прокурорлық қадағалау актісімен анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылданды. Білім беру ұйымдары студенттер туралы толық және нақты мәліметтерді Ұлттық білім беру деректер базасына енгізуді қамтамасыз етті, нәтижесінде 803 студенттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызметтерге қол жеткізу құқықтары қалпына келтірілді.

Орал қаласының прокуратурасы заңдылықты қамтамасыз ету және азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғау жөніндегі жұмысты жалғастыруда.