Теректі аудандық сотының үкімімен ерлі-зайыптылар дропперлік үшін сотталды.
Олар өздерінің банктік деректемелерін үшінші тұлғаларға беру арқылы ақшалай қаражатты заңсыз аудару және қолма-қол ақшаға айналдыру схемаларына қатысқан. Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 1 млн 460 мың теңгені құрады.
Үкім заңды күшіне енді.
Прокуратура дропперлік қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады, мұндай әрекетке қатысқаны үшін мүлкі тәркілене отырып, бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген.
Прокуратура азаматтарды қырағылық танытуға және банктік деректерін үшінші тұлғаларға бермеуге шақырады.