Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Қазақстанда ұзақ уақыт бойы тұрып жатқан азаматты елден шығару туралы шешімнің күшін жоюға қол жеткізді.
Бұған дейін азамат көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылып, сот шешімімен ел аумағынан шығарылуға тиіс болған. Бұл шешіммен келіспеген ол прокуратураға жүгінді.
Тексеру барысында ол «қандас» мәртебесіне ие екені, 2011 жылдан бері Орал қаласында тұратыны, Қазақстан Республикасының азаматшасымен некеде екені және кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеп отырғаны анықталды.
Аталған мән-жайларды ескере отырып, облыс прокуратурасы бірінші сатыдағы сот қаулысының күшін жою және іс бойынша өндірісті тоқтату туралы апелляциялық өтінішхат енгізді.
Облыстық соттың апелляциялық алқасы прокуратураның ұстанымын қолдады: сот қаулысы күшін жойды, азамат әкімшілік жауапкершіліктен босатылды, құқықбұзушылық құрамының болмауына байланысты іс бойынша өндіріс тоқтатылды.
Бұл жағдай – прокуратураның әділдікті қалпына келтіруге және азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған қағидатты ұстанымының көрінісі.