БҚО Қазталов ауданының прокуратурасы бюджет заңнамасын талдау барысында 300 млн теңгеден астам сомаға бұзушылықтарды анықтады.
Үш жылдық бюджеттің жоспарына құжаттармен расталмаған және есептелмеген шығыстар енгізілген.
Бұл әрекет бюджет шығыстарын жасанды түрде ұлғайту мен мемлекет қаражатын тиімсіз пайдаланылу тәуекелдерін туындатқан.
Прокуратураның араласуы нәтижесінде бюджет қаражатының негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.
Бюджет заңнамасының сақталуы прокуратура органдарының ерекше бақылауында.