Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Инновациялық-технологиялық университеті студенттерімен кездесті.
Кездесу мақсаты – жастар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу.
Шараға 600-ден астам студент пен қоғам белсенділері қатысты.
Кездесуге Қылмыстық-атқару жүйесі өкілдері мен танымал спортшылар шақырылып, тәртіптің, білімнің, салауатты өмір салтының және заңға бағынатын мінез-құлықтың маңыздылығын атап өтті.
Түзеу мекемелерінде жазасын өтеушілер де студенттермен теле-көпір арқылы байланысып, жастарды заңды сақтауға, қылмыс жасамауға үгіттеді.
Прокурорлар бұл кездесудің жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастырудағы роліне студенттердің назарын аударды.