Бизнес субъектісінің құқығы қорғалды

Бизнес субъектісінің құқығы қорғалды

Орал қаласының прокуратурасымен сот актілеріне талдау жүргізу барысында Орал қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотымен жеке кәсіпкер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабының 1-бөлігі бойынша 629 120 айыппұл сала отырып, кінәлі деп танылды.

Алайда сот актісін және құқық бұзушылықтың мән-жайларын зерделеу барысында Орал қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бір ғана факт бойынша екі түрлі шешім қабылдағаны анықталды: біріншісі - кәсіпкер тарапынан бұзушылықтардың жоқтығы туралы, екіншісі - әкімшілік жаза қолдану туралы.

Осыған байланысты жоғары тұрған сотқа сот актісінің күшін жою туралы апелляциялық өтінішхат енгізілді. Облыс сотының қаулысымен прокурордың апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырылып, сот актісі бұзылып, жеке кәсіпкерге қатысты өндіріс тоқтатылды.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік қызметіне заңсыз араласқаны үшін қала прокуратурасымен Орал қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының кінәлі лауазымды тұлғасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Әкімшілік және сот процестерінің барлық сатыларында бизнес субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша жұмыс жалғасуда.