БҚО мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы «Карачаганак Петролеум Оперейтинг Б.В.» компаниясының қызметіне талдау жүргізді.
Аталған компания қоршаған ортаны ластаушы заттарды шығарған. Нормадан тыс шығарылған заттардың мөлшері 13,8 тоннаны құрады.
Жүргізілген талдаудың нәтижесінде уәкілетті органға ұсыну енгізілді.
Экология департаменті КПО б.в. компаниясына ҚР ӘКБтК-ның 328-бабымен хаттама толтырып, 2 млрд теңге айыппұл салды. Айыппұл өндірілді.
Мұнай-газ саласы субъектілерінің экологиялық заңнаманы сақтау мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында.