Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау - прокуратура қызметінің басым бағыты.
Орал қаласы прокуратурасының бастамасымен 2025 жылы алимент өндіру бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде балалардың пайдасына 734 миллион теңге сомада алимент өндірілді.
Прокуратураның үйлестіруімен алимент бойынша 1 761 252 теңге берешегі бар және оны төлеуден жалтарған, соның ішінде жұмысқа орналасуға шаралар қабылдамаған борышкер анықталды.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен ол Қылмыстық кодекстің 139-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Жалпы, Орал қаласында Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 6 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар, алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 669-бабы бойынша 185 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 416 балалардың құқықтары қорғалды, сондай-ақ 288 борышкер жұмыспен қамтамасыз етілді.
Алиментті уақытылы төлеу – әрбір борышкердің заңмен белгіленген міндеті.