Алимент төлеуден жалтарған тұлға қамауға алынды

Алимент төлеуден жалтарған тұлға қамауға алынды

06.01.2026 жылы Бәйтерек ауданының соты алимент төлемін төлеуден жалтарған тұлғаға қатысты әкімшілік қамаққа алу туралы қаулы шығарды.

Борышкер 09.01.2023 жылдан бастап 3 015 447 теңге алимент төлеуден жалтарып келген.  

Бәйтерек ауданы бойынша ағымдағы жылы алимент төлеуден жалтарғаны үшін 1 борышкердің ісі сот өндірісінде және 1 қылмыстық іс тергеу сатысында.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 139-бабымен 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру қылмыстық жауаптылық және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 669-бабының 1-бөлігімен жеке тұлға үшін әкімшілік жауаптылық 5 АЕК айыппұл немесе 20 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту  не 5 тәулікке дейінгі әкімшілік қамаққа алу  көзделген.

Баланы асырап-бағу үшін алимент төлемін төлеуден қашпауға шақырамыз.

Себебі, әрбір ата-ана баласы алдында жауапты.