Мемлекет басшысының халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында прокуратура органдары қайтарған қаражат есебінен сумен жабдықтау объектілерінің құрылысы бойынша жобалар іске асырылуда.
Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданының Алакөл елді мекеніне кентішілік су құбырының құрылысы аяқталды.
Салынған су құбырының жалпы ұзындығы 4 километрді құрайды. Жобаны жүзеге асыру ауданның 700-ден астам тұрғынына сапалы ауыз суға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Одан бөлек, Қаратөбе ауданының Төлен, Сәуле, Қарақамыс елді мекендеріне ұзындығы 64 шақырым жаңа тармақты төсеу арқылы сумен жабдықтаудың магистральдық жүйелерінің құрылысы жалғасуда.
Бұл әлеуметтік жоба тағы 9 мың тұрғынды ауыз сумен қамтамасыз етеді, бұл олардың өмір сүру сапасын айтарлықтай жақсартады.
Қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылатын әлеуметтік нысандардың құрылысы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бақылауында.