Қайтарылған активтер - халық игілігіне!

Қайтарылған активтер - халық игілігіне!

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Бұлдырты ауылында прокуратура органдары мемлекетке қайтарған активтер есебінен салынған жаңа дәрігерлік амбулаторияның салтанатты ашылуы өтті.

Іс-шараға аудан прокуроры Ершат Камбетов, облыс әкімінің орынбасары Тлепберген Каюпов, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов және ауыл тұрғындары қатысты.

Бұған дейін ауыл тұрғындарына медициналық қызмет 1968 жылы салынған ескі амбулатория ғимаратында көрсетіліп келген. Уақыт өте келе ғимарат апатты жағдайға жетіп, қазіргі талаптарға сай болмай қалды.

Жаңа амбулатория бір ауысымда 40 адамды қабылдай алады және ауыл тұрғындарын сапалы әрі дер кезінде алғашқы медициналық көмекпен қамтамасыз етеді. Бұл - халықтың өмір сүру сапасын арттыру мен денсаулығын нығайту жолындағы маңызды қадам.

Медициналық мекеме заманауи құрал-жабдықтармен толық жабдықталған, пациенттерді қабылдауға және профилактикалық тексерулер өткізуге барлық қолайлы жағдайлар жасалған.

Жалпы, өңірде қайтарылған активтер есебінен денсаулық сақтау және сумен жабдықтау салаларын қоса алғанда, әлеуметтік нысандарды салу және қайта жаңарту жобалары жүзеге асырылуда.