«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мекемелеріне баруды ұйымдастырды.
Іс-шараға облыс прокуроры Нұрбек Ұласбекұлы, Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Нияз Рыспаев, БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Болатбек Ақшауов, жергілікті атқарушы органның, әскери прокуратураның және №5517 әскери бөлімнің өкілдері қатысты.
Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындау кезінде заң талаптарының орындалуын тексеру, соның ішінде еңбек, тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету мәселелерін зерделеу болып табылады.
Облыс прокуратурасының үйлестіру шаралары нәтижесінде жергілікті атқарушы органдар мекемелерді кезең-кезеңімен қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз етуде, сотталғандарды жұмыспен қамту мақсатында жаңа өндірістер ашылуда.
Ағымдағы жылы №27 Мекемеде құны 181 млн теңгені құрайтын құны 205 млн теңгеге медициналық жабдықпен жарақтандырылған заманауи модульдік медициналық пункт пайдалануға берілді.
БҚО бойынша ҚАЖ департаментінің мекемелерінде 15 өндірістік нысан жұмыс істейді, онда 446 сотталған жұмыспен қамтылған, бұл босатылғаннан кейін оларды қайта әлеуметтендіруге ықпал етеді.
Іс-шараның қорытындысында қатысушылар Зашаған кентінде салынып жатқан тергеу изоляторының аяқталмаған нысанын аралап, құрылыс жұмыстарының барысымен танысты.
Сотталғандардың құқықтарын қорғау және түзету мекемелерінде заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.