Пробацияны қорғаудағы прокуратура

Пробацияны қорғаудағы прокуратура

Қаратөбе ауданы прокуратурасының үйлестіруімен жыл басынан бері пробация шарттарын бұзғаны үшін екі жауапты тұлға бас бостандығынан айырылды.

Пробациялық бақылаудағы адамдардың сот белгілеген шектеулерді сақтау мәселелері аудан прокуратурасының ерекше назарында. 

Мониторинг жүргізу барысында сотталғандардың әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауы, сондай-ақ қадағалау аумағымыздан тыс жерлерге шығу фактілері анықталды. 

Осылайша, 2024 жылдың қазан айында сотпен аудан тұрғынын ұрлық жасағаны үшін 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындап пробациялық бақылау жүктеген.

Мемлекет тарапынан жақсартуға мүмкіндік берілгенімен, ол бірнеше рет жазасын өтеу тәртібін бұзған. Бақылауда бола тұра, ескертусіз ауданнан шығып кетіп, қайтадан қылмыстық құқық бұзушылық жасаған.

Аудан прокуратурасының нұсқауымен пробация қызметі жазаны ауыстыру туралы ұсыныс жолдады.

Нәтижесінде аудандық сотпен жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзғаны үшін 1 жыл 9 ай түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бас бостандығынан айыруға ауыстырылды.

Тағы бір жағдайда ұрлық жасағаны үшін 3 жылға бас бостандығынан шектеуге сотталған аудан тұрғыны еш себепсіз тіркеуге келмей, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында және қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қол сұғатын құқық бұзушылық жасаған.

Оған қатысты аудандық сотпен 2 жыл 7 ай түріндегі жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.

Сотталғандарға пробациялық шарттарды бұзғаны үшін ықтимал салдарларды түсіндіру мақсатында қайталап құқық бұзушылық жасау қаупі бар 6 тұлғаның қатысуымен көрсетілме сот процесі ұйымдастырылды.