«Конституцияның 30 жылдығы: қоғамның құқықтық мәдениетінің қалыптасуы»

«Конституцияның 30 жылдығы: қоғамның құқықтық мәдениетінің қалыптасуы»

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы  «Атамекен» өнер ордасында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.  Оған облыс әкімінің орынбасары Қ.Меңдіғалиев, құқық қорғау органдары мен зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, ЖОО оқытушылары, жастар және үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Ауқымды іс-шараның мақсаты - елдің басты құжатының тарихи маңызын айшықтап, құқықтық сананы арттыру, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету.