Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен азаматтардың өтініштерін тиісінше қарау мәселелері Үйлестіру кеңесінде талқыланды

Батыс Қазақстан облысы прокуратурасымен азаматтардың өтініштерін тиісінше қарау мәселелері  Үйлестіру кеңесінде талқыланды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет басқармасымен бірлесіп, 2020 жылғы 2 қазанда Батыс Қазақстан облысының Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында азаматтардың өтініштерін тиісінше қарау мәселелерін қарады.

Мәселені қараудың өзектілігі Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» – бұл, шын мәнісінде, «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасы. Азаматтардың мәселелерін тыңдап, көріп қана қою жеткіліксіз. Ең бастысы – дұрыс және әділ шешім шығару қажет».

Іс-шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ. Есқалиев және Үйлестіру кеңесінің мүшелері, құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Қалыптасқан тәжірибені талқылай отырып, қатысушылар ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.

Отырыс барысында облыстың мемлекеттік органдарында азаматтардың өтініштерін қабылдау, тіркеу, қарау және шешу сатыларында туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.

Өткізілген отырыстың нәтижелері бойынша облыс прокуроры барлық мемлекеттік органдар басшыларының азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға және қорғауға бағытталған нақты міндеттерін анықтады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берілді және осы бағыттағы жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешені әзірленді.

 

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы