БҚО Сырым ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйін тексеру барысында инватакси қызметтерін көрсетуде заңды бұзушылықтарды анықтады.
Бұл қызмет кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы құрылғымен жабдықталмаған көлікте; көліктерде арнайы балаларды ұстау құралын қолданбай (болмаған) және ерекше такси белгісін қолданбай жүзеге асырылғаны анықталды.
Сондай-ақ, инватакси қызметін көрсететін жеткізуші біліктілік талаптарына сәйкес келмеді.
Аудан прокурорының ұсынуы бойынша 2025 жылға арналған инватакси қызметтерін көрсету конкурсының шарттары заңнамаға сәйкес қойылып, қазір күндізгі және түнгі жұмыс кестесін, демалыс және мереке күндерін қамтиды. Сонымен қатар, Сырым ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» ескертілді.
Бұдан басқа, 6 млн теңгеден астам соммаға жалған маршруттық парақтар жасау деректері анықталып, олар бойынша жинақталған материалдар тиісті процессуалдық шешім қабылдау үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеру уәкілетті органына жолданды.