Кәсіпкермен монополияға қарсы заңнама бұзылды

Кәсіпкермен монополияға қарсы заңнама бұзылды

Прокурорлық ден қою шараларымен әділ және жазаның бұлтартпастығы қамтамасыз етілді.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 01.09.2020 жылғы қаулысымен «Москвичи» ЖШС «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 159-бабының 1-бөлігі бойынша кәсіпкерлік кодексінде тыйым салынған нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы келісімдерінде көрсетілген монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылдан 2019 жылға дейін «Москвичи»  ЖШС-і және «Мега Ойл» ЖШС-і жанар-жағармай материалдарын жеткізу бойынша Мемлекеттік сатып алуларға бірлесіп қатыса отырып, бір-біріне 3900 лот бойынша жалған бәсекелестікті тудырған, оның ішінде 3895 лот бойынша 1,29 млрд. теңге сомасына «Москвич» ЖШС-і жеңіске жеткен.

Сот 1,58 млн. теңге сомасында монополиялық табысты тәркілей отырып, 47 410 теңге сомасында айыппұл түрінде жаза қолданды.

Қала прокуратурасы айыппұлдың есептелуімен келіспей, аппеляциялық өтінішхат келтірді, өйткені монополиялық кіріс сомасынан емес, «Москвичи» ЖШС-нің 1,29 млрд. теңге мөлшеріндегі жалпы табыстың 3%-ы есептелуі қажет еді. 

         Облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының 17.09.2020 жылғы қаулысымен прокурордың апелляциялық өтінішхаты қанағаттандырылып, салынған айыппұл сомасы 47 410 теңгеден 38,7 млн. теңгеге өзгертілді.