Прокуратура актісі бойынша ауыл әкімі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды
![Прокуратура актісі бойынша ауыл әкімі мемлекеттік қызметке кір келтіргені үшін жазаланды]()
Қаратөбе ауданының прокуратурасымен аудан тұрғындарыарасында бұқаралық спортты дамыту бойынша қабылданған шаралардытексеру барысында іс жүзінде аяқталмаған жұмыстар үшін 6,5 млнтеңгеден астам заңсыз аудару фактілері анықталды.14.11.2024 жылғы атқарылған жұмыстар актісі бойынша Қаратөбеауданы Егіндікөл ауылдық округінің әкімімен құны 6 599 900 теңгеболатын шағын футбол алаңын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардыңқабылданғаны анықталды.Алайда, Қаратөбе ауданының прокуратурасы фото және бейнетіркеуді қолдана отырып шағын футбол алаңын көзбен шолып қараубарысында мердігер ұйымның сметалық құжаттамадан ауытқуға жолбергенін анықтады.Атап айтқанда, орама жабынын, қоқыс салатын жәшіктер менорындықтарды, шамдарды жабдықтау, сондай-ақ, қоршауды отырғызужұмыстары аяқталмаған.Прокурорлық қадағалау актісі бойынша Қаратөбе ауданыныңәкімдігімен Егіндікөл ауылындағы шағын футбол алаңын ағымдағыжөндеу бойынша барлық жұмыстарды сметалық құжаттамаға сәйкесорындау бойынша шаралар қабылданды.Бұдан басқа, Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілеттіорганның Әдеп жөніндегі кеңесінің шешімімен мемлекеттік қызметке кіркелтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін Егіндікөл ауылдық округініңәкіміне қызметке толық сәйкес еместігі хабарланды.