Жалған турагентті, бас бостандығынан айырды

Жалған турагентті, бас бостандығынан айырды

Орал қаласында адамның туристік қызмет көрсету түрімен жасалған алаяқтық
әрекеті тоқтатылды.
Орал қаласының тұрғыны анасын жеке кәсіпкер ретінде тіркеп, жалған
туристік қызметтін ұйымдастырған. Заңды бизнестің көрінісін жасай отырып, ол
әлеуметтік желілерде жарнама орналастырып, клиенттермен ресми келісімшарттар
жасап, фискалдық чектер берген және мессенджерлер арқылы байланыс жүргізген.
Бұл азаматтардың оның қызметіне деген жалған сенімін қалыптастырған.
Алаяқтың құрбаны 15-тен астам адам болды, залалдың жалпы сомасы 25 млн
теңгеден асқан.
Орал қалалық сотының үкімімен қаскүнем екі және одан да көп адамға
қатысты аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол туризм
саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан 7 жыл мерзімге айырылып
және 5 жылға бас бостандығынан айырылды.