Заңдылық мәселелері талқыланған форумға Оралда 1000-нан астам қатысушы жиналды

Заңдылық мәселелері талқыланған форумға Оралда 1000-нан астам қатысушы жиналды
2025 жылғы 9 маусымда Орал қаласында құқықтық тәртіпті
қамтамасыз ету және қылмыспен күрес мәселелері бойынша Батыс
Қазақстан облыстық үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Іс-шара «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі
тұжырымдаманы жүзеге асыру аясында форум форматында
ұйымдастырылды.
Форумға құқық қорғау органдарының, мемлекеттік құрылымдардың,
үкіметтік емес ұйымдардың, бизнес-қоғамдастықтың, білім беру
саласының және жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Қатысушылар саны 1000-нан асты. Іс-шараның басты мақсаты
құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті арттыру
бағытында өзара іс-қимылды нығайту.
Форум барысында облыс прокуроры, облыс әкімі, Полиция
департаментінің бастығы, ҮЕҰ және оқу орындарының өкілдері баяндама
жасады.
Негізгі назар келесі өзекті мәселелерге аударылды: нашақорлықпен
күрес, буллингтің алдын алу, лудомания, тұрмыстық зорлық-зомбылық.
Форум аясында қатысушыларға бірқатар инновациялық цифрлық
жобалар ұсынылды: «Қауіпсіз өңір», «Komek Stop Bullying», «Мектептік
медиация», сондай-ақ құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған
ҚСжАЕК ақпараттық жүйелері.
Өз сөзінде облыс прокуроры қауіпсіз әрі әділетті қоғам құру ісінде
қоғамның қолдауын ерекше атап өтіп, барша азаматтарды қоғамдық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге белсенді араласуға шақырды.
Іс-шара қорытындысы бойынша құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге
елеулі үлес қосқан азаматтарға облыс прокуроры, облыс әкімі және
Полиция департаменті бастығының атынан алғыс хаттар табыс етілді.
Форум нәтижесінде қылмыс деңгейін төмендету және өңір тұрғындары
үшін қауіпсіз орта қалыптастыру бойынша нақты шаралар айқындалды.