БҚО-да прокурорлар қазақстандық кадрларды оқытуға 1 миллиард теңге өндірді
![БҚО-да прокурорлар қазақстандық кадрларды оқытуға 1 миллиард теңге өндірді]()
Батыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатқорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану туралы заңнамашеңберінде қазақстандық кадрларды даярлау жөніндегіміндеттемелердің орындалуына талдау жүргізді."Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің 129-бабының 1-тармағынасәйкес жер қойнауын пайдаланушылар жыл сайын қазақстандықмамандарды оқытуды қаржыландыруға көмірсутек шикізатынөндіруге жұмсалатын шығындардың кемінде 1% -. жіберугеміндетті.«Урал Ойл энд Газ» ЖШС 2022-2023 жылдары бұлміндеттемелерді орындамағаны анықталды, нәтижесінде 1миллиард теңге сомасында берешек пайда болды.Энергетика министрінің 2018 жылғы 15 мамырдағы No185 жәнеБілім және ғылым министрінің 2018 жылғы 17 мамырдағы No211бірлескен бұйрығымен бекітілген Қазақстандық кадрларды оқытудықаржыландыру қағидаларына сәйкес берешек мемлекеттікбюджетке қаражат аудару жолымен өтелуге тиіс.Прокурорлық қадағалау актісінің нәтижелері бойынша соттәртібімен «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нен берешектің барлықсомасы өндірілді. Қаражат толығымен бюджетке аударылды.Алынған қаражат қазақстандық азаматтарды, оның ішіндехалықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан даярлау меноқытуды қаржыландыруға бағытталған.Прокуратура органдары азаматтардың құқықтары менмемлекет мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі жүйеліжұмысты жалғастырады.