1 маусым Халықаралық балалар қорғау күні. Велошеру

1 маусым Халықаралық балалар қорғау күні.  Велошеру
Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында республика бойынша
«Қазақстан балалары» онкүндігі бастау алды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында еліміздің барлық өңірінде
өскелең ұрпақты қолдауға және дамытуға бағытталған іс-шаралар өтуде.
1 маусым күні Батыс Қазақстан облысының прокуратурасының
бастамасымен, құқық қорғау органдары және «KOMEK Stop Bullying»
қоғамдық қозғалысымен бірлесіп, Орал қаласында «КүшімізБірлікте:
Спорт.Тәртіп.Заң» ұранымен велошеру өткізілді.
Іс-шараның мақсаты:
– салауатты өмір салтын насихаттау;
– кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын
алу;
– буллингке, нашақорлыққа, лудоманияға және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес;
– мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіру.
Велошеруге 150-ден астам адам қатысты. Олардың қатарында
прокуратура, полиция, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, экономикалық
тергеу қызметінің өкілдері, «KOMEK Stop Bullying» қозғалысының мүшелері
және жалпы білім беретін мектептердің оқушылары болды.
Шара барысында облыс прокуроры Шалабаев С.Р. қатысушыларға арнап
сөз сөйлеп, балалардың құқықтарын қорғау мен құқықбұзушылықтың алдын
алу прокуратура органдары мен бүкіл қоғамның басты міндеттерінің бірі
екенін атап өтті.
Бұл форматтағы іс-шара құқық бұзушылықтардың алдын алу, балаларды
тәрбиелеу мен қолдау мәселелерінде мемлекеттік органдар мен азаматтық
қоғамның тиімді өзара іс-қимылының жарқын үлгісіне айналды.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы барлық қатысушыларға
алғыс білдіреді. Мықты болашақ –заңмен қорғалған, дені сау ұрпақ.