Заңсыз сыйақы мемлекетке қайтарылды

Заңсыз сыйақы мемлекетке қайтарылды
Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы прокуратурасы
бюджет заңнамасының сақталуын талдау барысында Жәнібек
аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің
басшысы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғанын
анықтады.
Белгілі болғандай, ол қолданылып жүрген тәртіптік жаза
бола тұра, өзіне заңсыз түрде 766 510 теңге көлемінде
сыйақы тағайындаған.
Аталған дерек бойынша аудан прокуратурасы 2025
жылдың 17 наурызында Батыс-Қазақстан облысы бойынша
мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Департаментінің тәртіптік
кеңесіне қадағалау актісін енгізді.
Ұсынысты қарау нәтижелері бойынша, тәртіптік кеңестік
ұсынымына сәйкес, Жәнібек ауданы әкімінің өкімімен Жәнібек
аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің
басшысы мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік
теріс қылық жасағаны үшін мемлекеттік лауазымынан
босатылды, Қазақстан Республикасының «Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44-
бабының 3-тармағына сәйкес.
Мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.