БҚО прокуратурасы 624 қызметкердің еңбек құқығын қорғады: ұжымдық шарттардағы бұзушылықтар жойылды
![БҚО прокуратурасы 624 қызметкердің еңбек құқығын қорғады: ұжымдық шарттардағы бұзушылықтар жойылды]()
Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы прокуратурасыталдау жүргізіп, 624 білім беру саласының қызметкерлерініңеңбек құқықтарын қорғау үшін шаралар қабылдады.Ұжымдық келісім-шарттарды талдау барысындаәлеуметтік демалыс және басқа да әлеуметтік кепілдіктерберу шарттары тиісті түрде ескерілмегені анықталды, бұлеңбек заңнамасын бұзу болып табылады. Аталған заңбұзушылық жұмысшылардың демалу құқығына шектеу қойып,еңбек жағдайларының нашарлау қаупін тудырды.Прокуратура қадағалау актісін тиісті мекеменіңбасшысына жолдау арқылы жедел әрекет етті.Прокуратураның араласуы нәтижесінде ұжымдықшарттардың талаптары заң талаптарына сәйкес келтірілді, алқызметкерлерге барлық тиісті әлеуметтік демалыстар менжеңілдіктер қамтамасыз етілді.Қабылдаған шаралар қызметкерлердің бұзылғанқұқықтарын қалпына келтіруге және одан әрібұзушылықтардың алдын алуға мүмкіндік берді.Қадағалау актісін қарау нәтижесі бойынша 11 лауазымдытұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Прокуратура еңбек заңнамасының сақталуын бақылаудыжалғастырады және қызметкерлердің құқықтарына нұқсанкелтірудің кез келген жаңа жағдайларына жедел ден қоюғадайын.