БП
Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Прокуратура туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
17 марта 2025
БҚО прокуратурасы дропперді сотқа берді

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы «WhatsApp» ақпараттық жүйесін қолданушылардан қаражат ұрлауға қатысы бар бір топ алаяқтарды сотқа берді.

Дроппер алаяқтық схемаларға белсене қатыса отырып, оның банктік шоты арқылы 4,8 миллион теңгеден астам ақшалай сома шығарылды.

Жәбірленушілер арасында Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстары, сондай-ақ Жетісу және Алматы облыстарының тұрғындары да бар.

Қазіргі уақытта Қаратөбе ауданы прокуратурасы айыпталушыны Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2 және 3-бөлімдері бойынша сотқа берді.

Прокуратура алаяқтық бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырумен және мүлкін тәркілеумен жазаланатынын ескертеді.

17 марта 2025
БҚО прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған адамдармен белсенді жұмыстар жүргізуде

Батыс Қазақстан облысы Байтерек ауданының прокуратурасы алимент төлеуден қасақана жалтарған борышкерлерді заңмен көзделген жауапкершілікке тарту және қарыздарды өндіріп алу бойынша мақсатты жұмыстарды жүргізуде.

Байтерек ауданы бойынша 2025 жылдың өткен кезеңінде Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған соты Қылмыстық кодекстің 139-бабына сәйкес (Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау) осындай тұлғаларға қатысты 3 үкім шығарды.

Жазалау шараларын қолданумен қатар, тұрақты жұмыс табуға және әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға көмектесу мақсатында азаматтардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу шаралары да қолға алынуда.

Осылайша, 13.02.2025ж. аудан прокуроры пробация есебінде тұрған және алиментке берешегі бар азаматты жеке қабылдады. Қабылдау барысында Мансап орталығы ұсынған жұмыстан бас тарту себептері анықталды.

Әңгімелесу барысында бас тарту жұмыстың шалғайлығы мен жағдайдың тұрақсыздығынан екені белгілі болды.

Прокуратураның үйлестіруімен борышкер өз ауылына тұрақты жұмысқа орналасты.

Байтерек аудандық прокуратурасы алимент төлеуден жалтарғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделетінін және қандай да бір сұрақтар немесе ұсыныстар болса, азаматтар кез келген уақытта прокуратураға хабарласа алатынын еске салады.

13 марта 2025
Батыс Қазақстан облысында прокурордың араласуынан кейін педофилге әкімшілік қадағалау белгіленді

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы прокуратурасы жазасын өтеген адамдарға әкімшілік қадағалау орнату бойынша қабылданған шаралардың уақытылығына талдау жүргізді.

 

Әкiмшiлiк қадағалау қауіпті қайталанатын қылмыстың алдын алу нысаны болып табылады, заңдылықты, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепiлдiктерiн сақтау негiзiнде iске асырылады және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында заңдармен белгiлi бiр шектеулер қойылған осындай адамдардың мiнез-құлқын байқау түрiндегi мәжбүр ету шарасы ретiнде судьяның қаулысы негiзiнде iшкi iстер органдары жүзеге асырады.

 

Талдау барысында кәмелетке толмаған баланың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін жазасын өтеген адамға 7 жылдан астам әкімшілік қадағалауды орнатпаудың фактісі анықталды.

 

Осылайша, 2009 жылдың қарашасында Қаратөбе аудандық сотының үкімімен жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері үшін 8 жылға бас бостандығынан айырылды.

 

Ол 2017 жылдың тамыз айында бас бостандығынан айыру орындарынан босап, бірақ оған әкімшілік бақылау орнатылмаған.

 

«Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкiмшiлiк қадағалау туралы» Заңның 6-бабының талаптарына сәйкес әкімшілік қадағалау алты айдан үш жылға дейінгі мерзімге, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар үшiн жазасын өтеген адамдарға қатысты – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 79-бабына сәйкес сотталғандық мерзімі өтелгенге дейін белгіленеді.

 

Аталған тұрғын аса ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталғандықтан, оның соттылығы жазасын өтегеннен кейін сегіз жылдан кейін ғана жойылады, яғни 2025 жылдың тамызынан бұрын емес.

Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша сотқа өтінішхат жолданып, 10.02.2025ж. жоғарыда аталған азаматқа әкімшілік қадағалау белгіленіп, құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында оған заңмен белгіленген шектеулер қойылды.

11 марта 2025
БҚО прокуратурасы инвесторға көмектесті

Маңызды инвестициялық жобаларды қолдау барысында Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы облыс инвесторларымен тұрақты кездесулер өткізеді.

 

Жұмыс барысында «Zhaik Petroleum Ltd» ЖШС-ның инвестициялық жобаның орналасқан жеріне теміржол желісін өткізу мәселесіне тап болғаны анықталды.

 

Құзыретті мемлекеттік орган инвестор көтерген проблемалық мәселені қаржыландырудың болмауына байланысты негізсіз кейінге қалдырып отырған.

 

Осыған байланысты облыстық прокуратура Фронт-офис отырысын ұйымдастырып, онда Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы темір жол желісін салу бойынша шешім қабылдады.

 

Қазіргі уақытта мемлекет қаражаты есебінен 1,120 млрд теңге көлемінде теміржол желісін сұралған аумаққа өткізу жұмыстары аяқталды.

 

Бүгінгі таңда инвестор «Метанолды өндіруге арналған газ-химиялық кешенін салу» инвестициялық жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысын жалғастыруда.

06 марта 2025
БҚО-да бопсалаушылардың ісі сотқа жолданды

Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға бағытталған шараларды тұрақты түрде қабылдауда.

Осылайша, облыстық прокуратураның қолдауымен 2023 жылы білім беру ұйымдарында «Komek Stop Bulling» платформасы енгізілді, ол қазіргі уақытта республиканың 10 облысында сәтті жұмыс істейді.

Бұл платформа балаларға (сонымен қатар олардың ата-аналарына) өздеріне қарсы барлық заңсыз әрекеттер туралы еркін хабарлауға мүмкіндік берді.

Мысалы, 2024 жылы жүйеге белгісіз біреулер аймақтағы колледж студенттерінен қорқытып алу арқылы ақша бопсалағаны туралы анонимді хабарлама келіп түсті.

Соның салдарынан қорқытып алуға қатысы бар бір топ жастар анықталды.

Қазіргі уақытта қылмыстық іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа жолданды.

2024 жылы проблемалар туындаған жағдайда қосымша жаңа батырмамен (#бізбірге) толықтырылды, ол арқылы балалар күннің кез келген уақытында психологпен тікелей байланыса алады (шақыру нөмірі 1301).

Қазірдің өзінде 20-дан астам адамға көмек көрсетілді (оқу проблемалары, өмірдегі мақсаттың жоқтығы, құрдастарымен қарым-қатынас және т.б. мәселелер бойынша). 

Мәселен, қараша айында бір әйел балаларын тастап, қарызына байланысты өз-өзіне қол жұмсағысы келгені туралы жүйеге хабарласқан.

Телефон арқылы оған дер кезінде психологиялық көмек көрсету нәтижесінде ол ондай ниетінен бас тартты.    

Облыстық прокуратура заңның бұзылғаны туралы хабарлау және кез келген уақытта көмек алу үшін аталған жүйеге хабарласуға болатынын еске салады.

04 марта 2025
БҚО прокуратурасы субсидияларды мақсатсыз пайдалану фактілерін анықтады

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының прокуратурасы субсидия беру кезінде заңдылықтың сақталуын талдау нәтижелері бойынша 12 миллионға жуық теңге көлемінде бюджет қаражатын теріс пайдалану фактілерін анықтады.

Талдау барысында 2023 жылы 11 935 000 теңгеге субсидияланған 1 154 бас малдың сақталу мерзімі қамтамасыз етілмей, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорынан есептен шығарылғаны анықталды.

Мысалы, ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі 04.05.2023ж. 383 асыл тұқымды ірі қараға 3 830 000 теңге көлемінде субсидия алып, оларды бір жылдың ішінде дерекқордың есебінен шығарған.

Ал 15.03.2019ж. Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен бекітілген Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына сәйкес мал басының жыл бойы сақталуы (мал шығынының зоотехникалық нормасын қоспағанда) қамтамасыз етілуі міндеттелген. 

Осының салдарынан мемлекетке 11 935 000 теңге көлемінде материалдық шығын келтірілді.

Заңды бұзу фактілері бойынша құзыретті органға тиісті қадағалау актісі енгізілді, қарау сатысында. 

27 февраля 2025
БҚО прокуратурасы жазаны ауыстыру бойынша ашық сот мәжілісін ұйымдастырды

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы прокуратурасының үйлестіруімен аудандық сотта пробациялық бақылау есебіндегі адамға қатысты ашық сот отырысы өткізілді.

Сот отырысына есепте тұрған қылмыс жасаудың орташа және жоғары қаупі бар 15 тұлға қатысты.

Іс-шараның мақсаты сотталғандарға пробация шарттарын бұзудың ықтимал салдарын түсіндіру болды.

2024 жылы сот облыс тұрғынын ұрлық және алаяқтық үшін пробациялық бақылауды орнату арқылы 3 жыл және 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу туралы үкім шығарды.

Алайда, ол бақылауда болғанымен, жазасын өтеу ережелерін бірнеше рет бұзған.

Осыған байланысты пробация қызметі жазаны ауыстыру туралы ұсыныс жіберді.

Нәтижесінде аудандық сотпен жазаны өтеу шарттарын жүйелі түрде бұзғаны үшін бас бостандығын шектеу жазаның өтелмеген бөлігі 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айырумен ауыстырылды.

Сот отырысы аяқталғаннан кейін прокуратура қызметкері сотталғандармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, оларға пробация шарттарын бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейтін заң ережелерін түсіндірді. 

26 февраля 2025
Батыс Қазақстан облысында департамент басшысы кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жауапқа тартылды

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының басты басымдықтарының бірі болып табылады.

Қадағалау қызметі барысында 22.01.2025ж. Батыс Қазақстан облысының Техникалық реттеу және метрология департаменті (бұдан әрі – Департамент) техникалық ережелерді бұзғаны үшін «Орал сүт зауыты» ЖШС-ның декларациясын 1 ай мерзімге тоқтата тұру туралы бұйрық шығарды.

Облыстық прокуратура жүргізген талдау нәтижелері бойынша жоғарыда аталған бұйрықтың қолданыстағы заңнаманы бұза отырып шығарылғаны және кәсіпкердің қызметін шектейтіні анықталды.

Атап айтқанда, Департамент гендік түрлендірілген организмдер арқылы алынған компоненттердің тағамдық өнімдерінде болуы туралы ақпаратты көрсету қажеттілігін көрсетті.

Алайда азық-түлік өнімдерінің ерекше белгілерін таңбалау тек ерікті түрде көрсетіледі.  

12.02.2025ж. облыстық прокуратураның наразылығы бойынша Департаменттің жоғарыда аталған бұйрығының күші жойылды.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Департамент басшысы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 173-бабына сәйкес (Лауазымды адамдардың кәсiпкерлiк қызметке заңсыз араласуы) 196 600 теңге айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Осылайша кәсіпкердің құқықтары қалпына келтірілді.

25 февраля 2025
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысатын үміткерлердің әңгімелесуден өту КЕСТЕСІ

БЕКІТЕМІН

Облыс прокурорының бірінші орынбасары 

_______________________ Д.Б. Умаргалиев

«24» ақпан 2025 жылы

 

Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысатын үміткерлердің әңгімелесуден өту 

КЕСТЕСІ 

 

Тегі

Аты

Әкесінің аты
 
(болған жағдайда)

Әңгімелесу күні

Әңгімелесу уақыты

Өткізу орны

1

Абат

Карина

Арматқызы

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

2

Асетов

Мәди

Ақжайықұлы

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

3

Дуйсембаев

Руслан

Нурланович

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

4

Куатов

Азамат

Талгатович

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

5

Матайбаев

Ануар

Хайратович

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

6

Мартасова

Наргиз

Нурсултановна

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

7

Опиева

Алуа

Мұратқызы

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

8

Сабырғалиев 

Мирас 

Мерейұлы

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

9

Сатыбалдиева

Балнур

Темирхановна

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

10

Тлектесов

Диас

Ержанович

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

11

Ұзақова 

Жұлдыз 

Мерекеқызы

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

12

Нигметова

Ақбота

Берікқызы

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

13

Мухсинова 

Акбота 

Кайратовна

28.02.2025ж.

10:00 с.

Орал қ., Ж. Молдағалиев көш., 23

 

 

Кадрлық жұмыс тобының басшысы                        С. Молдашев 

13 февраля 2025
БҚО прокурорлары мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғады

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының прокуратурасы мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы заңдылықтың жай-күйін талдау барысында инватакси қызметтерін көрсетуде заңды бұзушылықтарды анықтады.

Ауданның жергілікті атқарушы органдары 2024 жылы бұл бағыттағы жұмыстарды дұрыс ұйымдастырмаған.

Қаратөбе ауданы бойынша кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар 19 адам тіркелген, оның 4-і кәмелетке толмағандар.

Қаратөбе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әзірленген техникалық сипаттамасына сәйкес инватакси қызметтері жұмыс күндері сағат 08:00-ден 19:00-ге дейін ғана көрсетілді.

Мұндай шарттар қолданыстағы заңнамаға қайшы келеді және мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын бұзуға әкеп соғады.  

Сондай-ақ, инватакси қызметін көрсететін жеткізуші біліктілік талаптарына сәйкес келмейді.

Инватакси қызметі кресло-арбамен жүріп-тұратын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдауға арналған арнайы құрылғымен жабдықталмаған көлікпен жүргізілген, көліктерде арнайы балаларды ұстау құрылғысы жоқ және ерекше такси белгісі жоқ.

Қаратөбе ауданы прокуратурасының ұсынуы бойынша 2025 жылға арналған инватакси қызметтерін көрсету конкурсының шарттары заңнамаға сәйкес қойылып, қазір күндізгі және түнгі жұмыс кестесін, демалыс және мереке күндерін қамтиды.

Сонымен қатар, аудандық прокуратураның ұсынуы бойынша Қаратөбе ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығына мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылығы үшін «қызметке толық сәйкес еместігі туралы» ескертілді.

Социальные сети
youtube
telegram
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы