Instagram әлеуметтік желісінде Полат Шерзатты өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іске қатысушы прокурор Дана Сәрсенбайдың атынан «_sarsenbaeva_kz» деген аккаунт ашылған.
Аталған парақшада сот процесінен бейнежазбалар үзінділері мен мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. Сонымен қатар, аккаунт иесі оған автокөлік сатып алуына байланысты құттықтау тілегін білдірген.
Жетісу облысының прокуратурасы бұл парақшаның мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбайға ешқандай қатысы жоқ екенін хабарлайды.
Мұндай жалған ақпарат тарату тек прокуратура өкілі туралы қоғамда теріс пікір қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық тәртіпке де кері әсерін тигізеді.
Аталған әрекеттер, яғни көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатын құқықбұзушылық болып табылады.