Жетісу облысының прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар тұлғалардың қоғам өміріне толыққанды қатысуына кедергі келтіретін тосқауылдарды жою бойынша шаралар қабылдауда.
Қаратал ауданының прокуратурасы 19 әлеуметтік-мәдени нысанды визуалды қарау барысында оларға қосымша қолдауды қажет ететін адамдардың қолжетімділігінің жоқтығын анықтады.
Алайда, ауданның 78 тұрғыны нысандарға арнайы бейімделген инфрақұрылым арқылы қол жеткізуді қажет етеді.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша пандустарды жөндеу мен салуға, тактильді жолақтарды орнатуға, көмекке шақыру түймелерін орнатуға бюджеттен 30 миллион теңгеден астам қаражат бөлінген.
Аталған заң бұзушылықтар үшін нысанның төрт баланс ұстаушыларына ӘҚБтК-нің 83-бабы 1-бөлігі (мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы нысандарына қолжетімділігін қамтамасыз етпеу) бойынша 390 000 теңгеден астам айыппұл салынды.